Критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша мектеп үйлестірушілері мен 1- сынып мұғалімдерінің қызметін ұйымдастыру
О.Шонаев атындағы орта мектеп базасында «Критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша мектеп үйлестірушілері мен 1- сынып мұғалімдерінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар жұмысына аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері мен арнайы оқу курсынан өткен мектеп үйлестірушілері қатысты. Бас қосуда төрт негізгі тақырып төңірегінде талқылау ұйымдастырылды.Мақсаты: жаңартылған білім мазмұнына сәйкес енгізілуі басталған критериалды бағалаудың мазмұнын толығырақ меңгеру.Оған алдын-ала мектеп мұғалімдері жанжақты дайындалды. Таңдай о.м. басшының орынбасары Б.Исакулова «Критериалды бағалау жүйесіне шолу: терминдер, мектеп үйлестірушілерінің негізгі іс-әрекеті»

Қызылүй о.м. биология пәні мұғалімі С.Измағанбетов «Қалыптастырушы бағалау үдерісі»
Есбол о.м. ағылшын тілі мұғалімі Е.Қозыкешов «Жиынтық бағалау:тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін модерациялау»


Қосарал о.м. басшының орынбасары Г.Жайлашева «Оқушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін тәркеу» тақырыбында слайдтар қолдана отырып баяндады.Тренинг ұйымдастырылды. Тақырыптар бойынша қатысып отырған мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылып, жауап берілді. Өзекті тақырыптар мұғалімдерге меңгеруге үлкен септігін тигізді.


















